Ақтауда ұлттық тағамдар көрмесі өтті

Ақтауда «Turkісskills-2025» (Туркиш Скиллс) халықаралық шеберлік чемпионаты аясында ұлттық тағамдар көрмесі өтті.

Түркітілдес елдерден келген делегаттарға маңғыстаулық студенттердің ойлап тапқан тағамдары ұсынылды. Шұбат коктейлі, ірімшік қосылған балмұздақ, тары-балқаймақ араласқан чизкейк сияқты ас түрлері көпшіліктің қызығушылығын оятты. Көрмеде балық өнімдері де ұсынылды. Фестиваль соңында өңірдің туристік әлеуеті таныстырылды.

Дәуірбек Манарбай, студент: 

- Бүгін біз халықаралық көрмеге осындай бұл ысталған кефаль өнімі. Бұның барлығын біз өзіміздің колледжімізде өндіреміз. Ал бұл тамақ пастасындағы шабақ өнімі. Балықты басталғаннан соңына дейін осындай өнімге жеткенге дейін дайындайтын материалдармен барлығы жабдықталған.

Жәния Сармұрзина, кәсіптік білім беру ұйымының директоры: 

- «Эль трэвел» деген өзімізде туристерге арналған жобамыз бар. Ол да біздің студенттерден құралған. Осы Маңғыстаудың көрікті жерлерінің маршрутын сызып жатыр. Колледж қабырғасында салынып тұрған суреттердің барлығында QR-код тұр. Солардың барлығын біз цифрлап Маңғыстау өңіріне келген қонақтарымыздың баратын локацияларын жеңілдету, бір жүйеге қарай жинақтау - біздің басты мақсатымыз.