«Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» кітабы жарыққа шықты

Талдықорғанда «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» кітабы жарыққа шықты. 500 данамен басылған жинақта Жетісу жеріне күштеп қоныс аударылған этностардың тарихы жазылған.

Ата жұртынан ажырап, тағдыр тәлкегіне түскендерге қазақтың көрсеткен қамқорлығы баяндалады. Сонымен қатар, ассамблеяның құрылуы, этномәдени орталықтардың ел бірлігін нығайтуға қосқан үлесі сипатталған. Қазір аймақта 22 этономәдени бірлестік жұмыс істейді. 2025 жылы 600-ге жуық іс-шара өтті. Салтанатты жиын соңында көпшілік «Оқыл-маған хаттар» көркем фильмін тамашалады.

Ғабит Тұрсынбай, облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының ардагері:

- ҚХА құрылған кезеңін алатын болсақ сол уақыттан бері жүріп өткен жолдағы атқарылған іс шаралар ұшан теңіз. Оларды саусақпен санауға болмайды, ол туралы сағаттап айтуға болады. Ең бастысы, біз халықтың бірлігін, ынтымағын, тұтастығын, елдігімізді сақтап мына әрқашанда достығымызды өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа беріп, ары қарай тәрбие жұмысын жалғастырып келе жатырмыз. Бұл – Қазақстанның болашағы үшін үлкен атқарылған іс деп ойлаймын.