Студенттерге нашақорлыққа қарсы деректі фильм көрсетілді
Есірткімен күреске бағытталған «Три дозы до смерти» деректі фильмі Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде көрсетілді.
Туындының авторы журналист, документалист Сәби Байбосынов. "Хабар" агенттігінің қолдауымен түсірілген фильмге нашақорлықтың құрбаны болған адамдардың шынайы оқиғалары негіз болған. Туынды Павлодар облысындағы оңалту орталығында түсірілді. Деректі фильмде синтетикалық есірткі кесірінен өмірінің күл талқаны шыққан азаматтардың жағдайы ашық көрсетіледі. Орталық емделушілері қазіргі жай-күйін өз аузынан баяндайды. Фильмде қоғамдық дертке айналған нашақорлық проблемасы ашық бейнеленген. Автор жастарға кез келген тәуелділік тұтас тұлғаның өзін жоғалтуына әкелетіні жайлы ой салады. Деректі фильм 15 ақпанда "Хабар" телеарнасында көпшілік назарына ұсынылады.
Раушан Нұртаза, Қазақ ұлттық өнер университетінің Ғылыми-шығармашылық жұмыстары жөніндегі проректоры:
- Мұндай күрделі тақырыптарды көтеру керек, әрине. Ең біріншіден, әр адам мұның соңы қандай болатынын білу керек. Екіншіден, бүгін бізде предпоказ. Әлі алдын ала көрсетіп жатырмыз фильмді. Бұл да өте маңызды. Себебі Күлаш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті ол болашақта режиссерлер, сценаристер, операторлар бәрі біздің университеттен шығадыү Сондықтан заманауи түрде, телевидение тілімен, деректі фильм тілімен сондай өзекті мәселені көрсету өте қажетті деймін.