Қызылордада ауыл өнерпаздарының фестивалі өтті 

Қызылордада Наурызнаманың үшінші күні ауыл өнерпаздарының басын қосқан «Ұлт уызы» фестивалі өтті. Сыр өңірінің әр елді мекені өз жетістіктерін паш етті. 

Салт-дәстүр жаңғырып, ұлттық тағамдар көрмесі ұсынылды. Креативті кәсіпкерлер де қолөнер бұйымдарын көрсетті. Сонымен қатар аға буын өкілдері ши тоқу, құмыра жасау мен жүннен бұйым әзірлеудің қыр-сырын жастарға үйретті. Шара барасында бірі – ұмытыла бастаған салтты жаңғыртса, екіншісі – ұлттық өнерді заманауи стильде паш етті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат та осы – ұлттық бірегейлікті сақтап, елдік рухты асқақтату.

Феруза Оңталап, «Анаға тағзым» орталығының көркемдік жетекшісі:

- Әр ауылдан келген шаңырақтың өздерінің мәдени ерекшеліктерін заманауи форматта көрсету, ұсыну және «Уызына жарыған ұлт – қуатты ұлт» деген ұғымның осы фестивальдің басты мақсат-идеяларының бірі деп айтсақ болады.