Алматыда «Тазы» деректі фильмінің тұсаукесері өтті
Тазы. Дәл осындай атаумен Алматыда режиссер Қанат Байсекеев түсірген деректі фильмінің тұсаукесері өтті.
Туынды жеті қазынаның бірі – асыл тұқымды тазы итке арналды. Фильм авторлары құмай тазыны қазақтың ұлттық символы ретінде көрсеткен.
Деректі фильмді түсіру идеясы Қанат Байсекеевке 7 жыл бұрын келген. Фильмнің басты кейіпкері Рашид есімді жігіт. Ол әріптестерімен тазы тұқымын әлемге танытуды көздейді. Ал режиссерге бұл иттермен жұмыс жасау қатты ұнаған. Қазір өзі де тазы тұқымды күшікті асырап жатқанын жасырамады.
Қанат Байсекеев, режиссер:
- Бұл деректерде жай жануарларды жақсы көру, жануарларға құрметтеу, тазыны құрметтеу. Тазы, тазылық қазақтарға жақын деген. Ол – жәй ит емес, ұлы тазы. Ол – жеті қазынамыздың бірі. Біздің ата-бабамызда жанымызда жүрген төрт аяқты достар деп айтуға болады.
Қазақстан кинологтар одағының мәліметінше, елімізде тазының 3500-ға жуық түрі тіркелген. Алайда мамандардың айтуынша, таза тұқымды тазы саны бұл деректен бірнеше есе төмен.
Константин Плахов, Зоология институты ғылыми-зерттеу орталығының меңгерушісі:
- Шындығында таза тұқымды тазы саны Қазақстан бойынша 500-ге жуық. Мен бұл фильм тұқымның ары қарай сақталуына септігін тигізеді деп сенемін. Бұл тақырып өте қызықты, меніңше фильм неліктен бұл ит тұқымына қызығушылық туындағанын көрсетеді. Бізге бұл тұқымды ұлттық құндылық деп мойындау үшін 30 жыл керек болды.
Деректі фильм түсірілімі үш айға созылған. Туындыда тазының күнделікті өмірінен бөлек, жаттығуы мен аңшылыққа шыққан сәттері шынайы бейнеленген. Фильмнің алғашқа көрсетіліміне жануарларды қорғаушылар мен кинологтар да қатысты.
Авторлары: Ернұр Рысбай, Валентин Лобанов