Астанада классикалық музыка кеші өтті

Белгілі дирижер, композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әли Алпысбаев шығармашылығымен елорда жұртшылығын тамсандырды.

Түрлі аспаптың толқынынан туған тамаша туындыларды елордалық көрермен сүйсіне тамашалады. Бұрың-соңды болмаған шара жер-жәннаты Жетісу өңірінің эстрадалық симфониялық оркестрі қатысуымен ұйымдастырылды. Кеште халық әндері, отандық және шетелдік авторлардың жауһар туындылары ұсынылды. Әли Демегенұлының 70 жас мерейтойына орайластырылған шығармашылық концертте, үкімет басшысының орынбасары, мәдениет және ақпарат министрінің құттықтау лебізі жолданды. Онда, талантты музыканттардың қалыптасуы жолындағы, қажырлы еңбегі жоғары бағаланды.

Әли Алпысбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері:

- Енді бұның ерекшелігі бірінші рет Астана қаласынан эстрада-симфониялық оркестрді алып келіп отырмыз. Ол оркестрдің құрылғанына бір 2 жыл болды. Еш жерге біз концерт қоймадық. Бірінші осы Астанадан бастап отырмыз. Оның үстіне менің 70 жылдық юбилейіме байланысты менің шығармашылық концертім ғой. Соған дайындықпен келіп отырмыз.