Қазақстанда театр өнеріне қызығушылық артты
Бүгін Дүниежүзілік театр күні.
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook парақшасында сала өкілдерін мерекемен құттықтап, Қазақстанда театр өнеріне деген қызығушылықтың артқанын атап өтті. Сондай-ақ көрермен сұранысы да мазмұнды әрі талапшыл сипатқа ие болып келе жатқанына тоқталды. Бүгінде елде 70-тен астам театр жұмыс істеп тұр. Олардың 57-сі – мемлекеттік. Тек 2025 жылдың өзінде мемлекеттік театрларда 410 премьера сахналанып, 539 гастрольдік сапар ұйымдастырылды. Былтыр көрермен саны 2,8 миллионнан асты. Ал биыл республикалық театрларға 170 мыңнан астам адам жиналды. Аида Балаева мәдениет пен тарих мәселелерінің Ата Заңда берік құндылық ретінде бекітілгенін атап өтті. Бұл Қазақстан үшін мәдениет қосалқы сала емес, қоғамдық дамудың және ұлттық бірегейліктің негізгі тіректерінің бірі екенін көрсететін маңызды бағдар, деді министр.