Мәскеуде Ж. Жабаевтың мұрасы ұлықталды

Мәскеуде қазақ халқының ұлы ақыны, жыршы, айтыс өнерінің алыбы Жамбыл Жабаевтың мұрасы ұлықталды.

Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілінің туғанына 180 жыл толды. Айтулы күнге орай Қазақстан елшілігінде жиын өтті. Іс-шараны ұйымдастыруға қазақ ұлттық-мәдени автономиясы бастамашы болды. Басқосуға Жапония мен Қырғызстан өкілдері қатысты. Ақын домбырасы арқылы халықтың үнін жеткізе білді. Оның өлеңдерінің тағлымы тереңде жатыр - дейді жиынға қатысушылар. Бүгінге дейін Жамбыл Жабаевтың туындылары әлемнің 40-тан аса тіліне аударылған.

Даурен Абаев, ҚР-ның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі:

- Жамбыл Жабаев - қазақ поэзиясының тарихында ерекше орны бар тұлға. ХХ ғасырдың Гомері атанған ақын халықтың бірлігін, достығы мен даналығын әспеттейтін эпостар, айтыстар мен патриоттық әндерден тұратын ұлы мұра қалдырды.

Юто Кимура, Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының оқытушысы:

- «Ленинградтық өренім» өлеңін ерекше атап өткім келеді. Сол кезде Жамбылдың жырлары халыққа үміт сыйлап, рухын көтеруге әсер етті.