Сәкен мұрасы – халық қазынасы
Атбасар қаласындағы Ілияс Есенберлин мұражайында Сәкен Сейфуллин мұражайының көшпелі көрмесі ашылды.
Жылжымалы көрмеге ақынның өмірі мен шығармашылығын айқындайтын 50-ден астам жәдігер қойылды. Оның ішінде «Тар жол, тайғақ кешу» романының тұпнұсқасы мен қайраткердің қолына таққан алтын сағатты бар. Киген киімдері мен кітаптары да көпшілік назарына ұсынылды. Айрықша жәдігерлер қайраткердің тағдырынан сыр шертеді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта көшпелі көрмені елдің барлық қаласында таныстыруға ниетті. Ал көштің басын Атбасардан бастауының өзіндік себебі бар.
Марат Әбсеметов, Астана қалалық бірлескен мұражайлар дирекциясы директорының орынбасары:
- Жас кезінде Сәкен осы жерге келіп, «Әупілдек» деген көл бар, соған «Әупілдек» деген өлеңде шығарды. «Әупілдек» деген қобызбен күй де шығарды Сәкен. Сондықтан бұл тарихи жер.