Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтті

Алматыда әйгілі қоғам қайраткері, көрнекті ақын, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтті.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өткен қаралы жиынға ақынның жақын туыстары, үзеңгілес достары, зиялы қауым өкілдері және оқырмандары жиналды. Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев рәсімге қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қайртакердің отбасы мен жақындарына жолдаған көңіл айту жеделхатын оқып берді. Мәулен Әшімбаев қайраткер қаламгердің мемлекеттік қызметтегі және Парламент депутаты ретіндегі еселі еңбегіне назар аударды. Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Ақынның соңында әлем мойындаған мол шығармашылық мұра қалды.  

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы