Бельгияның Гент қаласында қазақ мәдени орталығы ашылды
Бельгияда тағы бір қазақ мәдени орталығы ашылды.
Жаңа рухани кеңістік Гент қаласында жұмыс істей бастады. «Қазақ рутс, яғни "Қазақтың тамыры" деп аударылатын орталықта балалар мен ересектер ана тіліміз мен дәстүрлі қолөнерді үйреніп, шетелдіктер халқымыздың бай мәдени мұрасымен таныса алады. Ашылу салтанатына жиналған қонақтарға еліміз туралы мол мағлұмат берілді. Олар қазақ тілін үйренуге арналған алғашқы сабаққа қатысты. Сондай-ақ орталық еріктілері іс-шараға қатысушыларды Қазақстанның туристік әлеуетімен таныстырып, Көлсай көлдері мен Көкшетаудың сұлу табиғатын тамашалауға шақырды. Былтыр Брюссельдегі Қазақстан елшілігі жанынан осындай тағы бір қазақ мәдени орталығы ашылған болатын.
Михил Дауаарт, Гент қаласы әл-ауқатты арттыру орталығының директоры:
- Біз қазақ мәдени орталығының дәл осы шаһарда ашылғанына қуаныштымыз. Бұл сіздердің бай мәдениетіңізбен жақынырақ танысуға тамаша мүмкіндік. Мен де осы жерде қазақ тілін үйренуді жоспарлап отырмын.