Ақтөбеде «NEO-Кітап. Жаңа буын. Жаңа көзқарас» фестивалі өтті
Жастар әдебиет әлеміндегі соңғы жаңалықтарды талқылап, қазақ поэзиясы классиктерінің шығармаларын оқыды.
Күні кеше дүниеден өткен ақын Мұхтар Шахановты еске алды. Кітапсүйер қауымның дәстүрлі жиынында жергілікті жазушы Әлихан Жақсылықтың «Сені іздедім» туындысының тұсауы кесілді. Бұл – жас қаламгердің бесінші романы. Сонымен қатар Сағи Жиенбаев атындағы кітапхана таңдамалы шығармалар көрмесі мен көшпелі оқу залын ұйымдастырды. Буккроссинг алаңында тұрғындар өзіне ұнаған кітабын айырбастап алуға болады. Шараның мақсаты – жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.
Самғат Артығалин, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы:
- Шығармашылыққа, өнерге, мәдениетке жаны құштар жастардың басын біріктіру мақсатында ұйымдастырылған шара. Енді бұл тек қана бір Ұлттық кітап күнінде емес, жыл сайын әртүрлі форматта ұйымдастырылып отырады. Енді Мемлекет басшысы айтқандай, біз кітап оқитын ұрпаққа айналуымыз керек. Сонымен қоса оны жасөспірімдерге насихаттауымыз қажет деген. Біз дәл сол ұстаныммен бірге түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастырып келеміз.