Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толды

Ақтөбеде «Жұбанов көктемі» фестивалі басталды. Халықаралық хор музыкасы байқауы аясында әйгілі композитор, дирижер, академик Ахмет Жұбановтың көрмесі ұйымдастырылған. 

Көрермендер бұрын жарияланбаған фотосуреттер, композитордың тұтынған жеке бұйымдары мен қолжазбаларын тамашалай алады. Құнды жәдігерлердің арасында Ахмет Жұбановтың дирижерлық фрагы мен 1934 жылғы жасалған жеке домбырасы да бар. Биыл қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін қалаушы, зерттеуші-ғалым Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толды. 

Рыскүл Бүеш, Ахмет және Ғазиза Жұбановтар мемориалды мұражайының жетекшісі:

- Ахмет Жұбановтың өзінің түпнұсқа құжаттары және ноталық еңбектері, ғылыми еңбектері, жалпы көрмеде академиктің өмірі мен мол шығармашылық мұрасы ғана емес, қазақ кәсіби музыкасының даму тарихына да терең бойлай аласыздар.