«AruSora» триосы Астанада өнер көрсетті

Елордада Бетховен мен Брамстың таңдамалы туындылары шырқалды.

Астана опера театрының сахнасында «AruSora» деп аталатын халықаралық трио қала тұрғындары мен қонақтарына саз кешін сыйлады. Өнер ұжымының сапында отандастарымыз Әсел Әбілсейітова мен Сәния Дүркеева және жапониялық скрипкашы Аяно Кимура бар. Кеште әлем классиктері Людвиг ван, Бетховен мен Иоганнес Брамстың симфониялық жауһарлары орындалды. Өнер көрсетушілерді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедьяровтың басқаруындағы симфониялық оркестр сүйемелдеді. «AruSora» триосы Франция, Италия, Швейцария және Еуропаның басқа да елдерінде белсенді өнер көрсетіп жүрген ұжым. Халықаралық байқаулардың лауреаты.