М. Әшімбаев «Sensitive» театры ұжымын мерейтоймен құттықтады
Astana ballet театрында «Ботай» этно-пластикалық спектаклінің премьерасы өтті.
Аталған қойылымды есту қабілеті нашар өнерпаздардан құралған «SENSI-TIVE» ерекше театры сахналады. Театрдың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған және Анна Цойдың режиссерлығымен сахналанған спектакль ежелгі Ботай мәдениетіне арналады. Қойылымның басты ерекшелігі – дыбыстың мүлде қолданылмауы. Сахнада негізінен эмоцияға, жарыққа және хореографияға басымдық берілген. Шығармада Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан, жылқы алғаш қолға үйретілген мекен саналатын ежелгі Ботай қонысының өмірі көркемдік тұрғыда зерделенеді. Спектакльді тамашалаған Мәулен Әшімбаев театр ұжымының шеберлігіне жоғары баға берді. Ол өнердің қоғамдағы кедергілерді жойып, мүгедектігі бар азаматтардың өмірден өз орнын табуға ықпал ететінін атап өтті. Іс-шара барысында Палата Спикері «SENSI-TIVE» би ұжымын және оның көркемдік жетекшісі Ольга Ростовщикованы театрдың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. Мәулен Әшімбаев бұл жоба Қазақстанда инклюзивті өнерді дамытуға үлкен үлес қосқанына тоқталып, өнерпаздардың қажырлы еңбегіне ризашылығын білдірді.
Біржан Жалғасбаев, С. Мұқанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының директоры:
- Бұл театрдың өз алдына құрылғанына 20 жыл болды. Яғни бұлар қолдың қимылымен көрсету арқылы осы күнге дейін сахнада өнер көрсетіп келді. Алайда осы соңғы кезде осы «Ботай» спектаклінде қыздар мен жігіттер 100 пайызға қимылсыз, музыканың дыбысымен сахнада жұмыс жасайды.