Астанада «Жылқы түлігі» кітабы таныстырылды

Елордада «Көшпелілер өркениетінің қастерлі бейнесі» атты ғылыми-танымдық жинақтың таныстырылымы өтті.

«Жылқы түлігі» атты туынды қазақ жылқысының түп-тегі, тарихы туралы тың деректерге толы. «Көшпелілер өркениеті жəне көнетүрік мəдениетіндегі жылқының рөлі», «Қазақ əдебиетіндегі тұлпар бейнесі» тарауларында ат спортының шығу тарихы мен маңызы жайлы айтылған. Кітап авторларының бірі Қайрат Исхан көлемді ғылыми монографиялық еңбектің 4 жыл бойы жазылғанын айтады. 700 беттен тұратын туындының мың данасы сатылымға шығады. Таныстырылым «Елдік Кеңес» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп отыр. 

Қайрат Исхан, кітап авторы, профессор:

- Бұл кітаптың жазылу себебі қазақтың болмысындағы жылқымен бітіскен рухын ояту мақсатында жазылған. Біз жылқыны терең меңгерген сайын, оны түсінген сайын қазақтың рухы, болмысы қайтып келеді және әрі қарай болашаққа осы жылқы арқылы мәдениетін зерттей отырып, болашаққа көзқарасымызды өзгертеміз деген мақсатта жаздық.