Мақпал Жүнісова «Барыс» орденімен марапатталды

Фото: Aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде бірқатар азаматқа мемлекеттік награда табыстады, деп хабарлайды «24KZ».

Президент Жарлығымен мәдениет саласындағы ерекше еңбегі үшін Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

Өнер иесі марапаттан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында әсерімен бөлісті.

Ал, құрметті менің тыңдармандарым, көрермендерім, туысқандарым! Мемлекет басшысының қолынан осындай ІІ дәрежелі “Барыс” орденін алдым. Ақорданың есігін ашпағалы 30 жыл болыпты. 30 жылдан кейін осындай мәртебелі марапат иесі болып жатқаныма өте қуаныштымын. Көп рақмет! Баршаңызға осындай марапаттар бұйыра берсін, – деді Мақпал Жүнісова.

Айта кетейік, марапат мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында табысталды