Мақпал Жүнісова Мемлекет басшысына үнтаспасын тарту етті

Фото: Aqorda

 Мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінен кейін Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің үнтаспасын сыйға тартты, деп хабарлайды «24KZ».

Сый тарту сәтінде қысқаша әңгіме өрбіді.

«Аға, мынаны Сізге беруге болады ма?» – деді Мақпал Жүнісова.

«Болады, болады, рақмет Сізге», – деп жауап берді Мемлекет басшысы.

«Көп рақмет», – деді әнші.

«Өзіңізге де рақмет! Аман болыңыз!» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен мәдениет саласындағы еңбегі үшін ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.