Абай Құнанбайұлының «Қара сөздерінің» аудармасы ЮНЕСКО-ға тарту етілді
ЮНЕСКО кітапханасының қоры Абай Құнанбайұлының «Қара сөздерінің» жаңа бейімделген аудармасымен толықты.
Кітапты табыстау рәсімі ұйымның Париждегі штаб-пәтерінде өтті. «Ұрпаққа ұлағат» атты кітабында Абайдың көрнекті шығармасы қазіргі оқырманға лайықталып, аудармашының түсіндірмелерімен берілген дейді, кітап авторы Гүлмира Амандықова. Жуырда бұл еңбек Астанада өткен «Ұлттық кітап» жалпыұлттық байқауында «Жыл кітабы» сыйлығына ие болды. Айта кеткен жөн, 1995 жылы Абай Құнанбайұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО төрінде аталып өткен тәуелсіз Қазақстанның алғашқы мерейтойлық іс-шарасы болды. Содан бері ұлы ойшылдың бірегей әдеби мұрасы халықаралық қауымдастықтың жіті назарында.
Гүлмира Амандықова, филолог, аудармашы, «Ұрпаққа ұлағат» кітабының авторы:
- «Ұрпаққа ұлағат» кітабының кітпаханаға сыйға тартуы бұл біздің халықаралық деңгейде Абай мұрасын көрсеткеніміз болып табылады. Алдағы уақытта кітапты әрі қарай аударуға, дамытуға және осы он екі тілге аударылған кітабымызды барлық елде таныстырылымын өткізіп көрсету жоспарымыз бар.