Шәмшінің әндері Люксембург көшесінде шырқалды
Шәмшінің әндері Люксембург көшелерінде шырқалды. Қазақстандық әртістер шетелдіктер алдына шығып, ұлттық музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен өнер көрсетті.
Люксембург – Батыс Еуропада орналасқан шағын, бірақ өте ауқатты мемлекеттердің бір. Ол Бельгия, Франция және Германия елдерімен шектеседі. Мұнда әлемнің әр қиырынан миллиондаған туристер ағылады. Қала орталығындағы тарихи орын Плас д’Арм алаңы жанынан өтіп бара жатқан халық бұл күні ерекше флешмобтың куәсі болды. Шетелдіктер кілт тоқтап, әртістердің өнеріне тәнті болып, құрмет-қошемет көрсетті. Естелікке видео мен фотоға түсіріп, қай мемлекеттің өнерпаздары екенін сұраумен болды. Фольклорлық ансамбль ұжымы оларға арнап ән де шырқады, би де биледі. Күй тартып, жырдан шашу шашты.