«Ариран» халықаралық вокалистер конкурсының финалы басталды

Алматыда екінші халықаралық «Ариран» вокалистер байқауының финалы басталды.

Ауқымды жоба кәсіби әншілік өнерді дамытуға және дарынды жастарды қолдауға бағытталған. Фестивалді Қазақстан корейлері қауымдастығы Республикалық академиялық корей театрының қолдауымен ұйымдастырды. Биыл байқауға 75 өтінім түсті. Өнерпаздар шетелдің 5 елінен келді. Нәтижесінде 9 финалист анықталды. Вокалистер қазақ, корей, орыс және ағылшын тілдерінде шығармалар орындайды. Қазақстанның басты сахналарында өнер көрсету мүмкіндігіне таласады. «Байқаудың мақсаты – Орталық Азия елдері арасындағы мәдени диалогты нығайту», - дейді ұйымдастырушылар.

Ерлан Көкеев, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:

- Мұндай байқаулар идеологиялық тұрғыда тәрбиелеу үшін қажет. Жалпы алғанда бұл музыкалық болсын, жастарды тәрбиелеуде болсын маңызды. Сондықтан олардың не айтып жатқанына да, оны қалай орындап жатқанына да мән беру керек. Осы арқылы жақсы жаққа өзгерістер жасауға болады. Байқау қатысушыға өзін көрсетуге мүмкіндік береді. Мұнда өте дарынды жастар жиналыпты.