Музейлердің инфрақұрылымын жаңарту ісі ілгерледі

Президент тапсырмасына сәйкес, елде тарихи-мәдени мұраны сақтау және музей инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Айтайық, Алматыдағы Ұлттық орталық музейіндегі желдету және ауа баптау жүйесін жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бұл жайлы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мұражай Орталық Азиядағы ең ірі музейлердің бірі. Бүгінде Ұлттық орталық музей қорында археологиялық жәдігерлер, қолжазбалар, құжаттар, өнер туындылары мен Қазақстан тарихынан сыр шертетін өзге де құнды мұралар сақтаулы тұр. Экспонаттардың жалпы саны 300 мыңнан асады.