Штурвалда Димаш капитан: Эльдар Ибраимовтың жаңа видеосы желіні шулатты

Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде  Димаш Құдайбергеннің  ұшақ басқарған видеосы тарады, деп хабарлайды «24KZ».

Экстремалды видеоларымен көпшілікті таңғалдырып жүрген Эльдар Ибраимов бұл жолы қауіпті трюкпен емес, ерекше жолаушысымен назар аудартты.

Ұшқыш жариялаған видеода әуе кемесінің штурвалында әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген отырғанын көруге болады.

Кадр барысында Димаш авторға қарап: «Видеоны жібересіз бе?» деп сұрайды.

Желі қолданушылары әншінің жаңа қырын көріп, таңданысын жасырмады. Өнердегі жетістіктерімен ғана емес, авиацияға деген қызығушылығымен де көзге түскен Димаштың бұл видеосы қызу талқылануда.

Әншінің тыңдармандары «Жігітке жеті өнер де аз» деген осы болса керек, деп жүрекжарды лебізберін білдіріп жатыр.