Астанадағы инклюзивті театрда «Сен екеуміз» қойылымы көрерменге жол тартты

«Сен екеуміз» қойылымы көрерменге жол тартты.

Астанадағы қазақ инклюзивті театрында жаңа лирикалық комедияның тұсауы кесілді. Бұл жаңадан құрылған өнер ордасының екінші туындысы. Қойылым - отбасылық қарым-қатынастың нәзік тұстарын шынайы әрі жеңіл әзілмен жеткізетін лирикалық комедия. Шығармада басты кейіпкерлер Тілек пен Жейде бір-бірін жақсы көргенімен күнделікті тұрмыстық қиындықтар салдарынан ажырасу шегіне жетеді. Оқиға барысында олардың арасындағы салқындық, реніш пен ішкі күйзелістер комедиялық әрі әсерлі көріністер арқылы ашылады. 

Бақтияр Тұрсын, қоюшы режиссер:

- Бұл пьесаның авторы Жаныш Құлманбетов қырғыздың театрлар ассосациясының президенті. Ол жылда театр күніне фестиваль ұйымдастырады. Біздің ендігі мақсатымыз сол байқауға қатысып, еліміздің атын шығарып келсек деген ойымыз бар.

Кәмшат Үсенқызы, "QAZAQ INCLUSIVE THEATRE" директоры