«Сахнаға киесің»: Бибігүл Төлегенова Толқын Забироваға жеке әшекей бұйымдарын сыйлады
Эстрада және опера әншісі Толқын Забирова ерекше әрі жүрек тебірентер сыйлыққа ие болды. Бағалы тартуды қазақ өнерінің аңызы, Халық әртісі Бибігүл Төлегенова өз қолымен табыстағанын деп хабарлайды «24KZ» .
Әлеуметтік желіде тараған видеода өнер майталманы өзінің жеке әшекей бұйымдарын шәкіртіне сыйлап, «Сахнада киесін» деген ақ батасын береді.

Ұстазының сыйын алған Толқын Забирова қуанышын жасыра алмай, толқыған сәтін билеп жеткізеді.

– Ооо, зүмірет тас... Мұның бәрін маған беріп жатыр, Бибігүл Ахметовна?! – дейді әнші ерекше әсерін жасыра алмай.
Желіде тараған әсерлі кадрлар көпшіліктің ықыласына бөленді. Қолданушылар ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластыққа тәнті болып, жылы лебіздерін жаудырды.
«Керемет құрмет!», «Ұстаз бен шәкірттің арасындағы ерекше байланыс», «Нағыз өнердегі сабақтастықтың көрінісі» деген пікірлер әлеуметтік желіде жиі жазылуда.