Бибігүл Төлегенова Құрылтай сайлауында дауыс берді
Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады. 96 жастағы опера әншісі Алматыдағы үйінде дауыс берді.
Жалпы қала бойынша шамамен 2 мың тұрғын үйде дауыс беру туралы өтінім берген. №559 сайлау учаскесінің өкілдері Бибігүл Төлегенованың үйіне барып, оның сайлау құқығын жүзеге асыруына мүмкіндік жасады. Дауыс бергеннен кейін өнер иесі батасын беріп, Қазақстанға бейбітшілік пен береке-бірлік тіледі. Сондай-ақ жастар мен аға буынға қолдау көрсетуге шақырды.
Бибігүл Төлегенова, Қазақстанның халық әртісі:
- Еліміз аман болсын, аспанымыз ашық болып іштегі жау, сырттағы жаудан сақтасын. Бүгінгі Құрылтайымыз құтты болсын. Ұзағынан болсын! Мемлекетімізде тыныштық болсын, аспанымыз ашық болсын. Әрдәйім бақытты, өзіміздің елімізде өмір сүрейік.