«Тұяқ» фильмі түсіріліп жатыр

Отандық кино әлемі тағы бір құнды картинамен толығады. Бұл жолы режиссерлер «Тұяқ» атты жаңа фильмнің түсіріліміне кірісті. 

Туынды – есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандардың тағдыры, отбасы құндылығы жайында сыр шертетін алғашқы толық метражды фильм. Оқиға желісі бойынша туа бітті есту қабілетінен айырылған Сабыр, оның інісі және анасының өмірі суреттеледі. Айрандай ұйыған шаңырақ 20 жыл бұрын жоғалған әкенің оралуымен күрт өзгереді. Бұл сынақтан шарасыз үнсіздікке душар болған Сабыр қалай өтеді? Автор драма барысында әр кейіпкердің жан сырын көркем жеткізуге тырысады әрі картина қалың көрерменнің көңілінен шығады деген ниетте. Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсіріліп жатыр.   

Нұрғиса Әлмұрат, қоюшы режиссер:
- Есту, сөйлеу мүмкіндігі нашар жандар жайында алғашқы фильм. Әрине өзіміздің тарапымыздан ол кісілердің өмірлерін, ішкі дүниесін ашуға тырыстық. Олар әлемді қалай қабылдайды. Қарапайым сөйле, есту білетін адамдармен қарым-қатынастары қандай соны ашуға тырыстық. Әкенің балаға, баланың анаға немесе әйел мен күйеуінің ара қатынасы отбасылық құндылықтар көрсетіледі.