Абай күніне арналған онкүндік өтеді
Елде 10 тамызға дейін Абай күніне арналған онкүндік өтеді.
Бүгінде ұлы ақын әрі ойшылдың ағарту, ғылым және өзін өзі жетілдіру жөніндегі идеялары өзектілігін сақтап, еліміздің экономикалық жаңғыруы мен технологиялық прогресінің негізіне айналды. Бұл жоғары білім мен ғылымның дамуында көрініс тауып отыр. Саланы дамыту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған стратегиялық басымдықтардың бірі. Президент тапсырмаларында білім беру сапасын арттыру, ғылыми әлеуетті нығайту, қолданбалы зерттеулерді дамытуға және олардың экономиканың нақты секторымен байланысына ерекше мән берілген. Еңбек нарығының сұранысына сай маман даярлау, инновациялар енгізу және білімге негізделген экономика қалыптастыру негізгі міндеттер қатарынан орын алып отыр.