Comic Con Astana 2026: әлемдік кино жұлдыздары баспасөз жиынын өткізді

Әлемдік кино өнерінің майталмандары Астанада баспасөз жиынын өткізді.

 Іс-шара Comic Con Astana 2026 фестивалі аясында ұйымдастырылды. "Пики Блайндерс" сериалымен танымал британдық актер Пол Андерсонн,"Ван Пис" туындысында Санджи ролін сомдаған Таз Скайлар көпшіліктің алдында төбе көрсетті. Мәртебелі меймандар кәсіби жолдағы ең танымал жобаларға тоқталып, түсірілім жұмыстары жайлы сыр ақтарды. Сондай-ақ түсірілім барысындағы қызықты оқиғалар мен Қазақстан жайлы алғашқы әсерлерін ортаға салды. Өнер иелерін қазақ елінің қонақжайлығы мен Астананың бірегей сәулеті тәнті еткен. Comic Con Astana - Орталық Азияда поп-мәдениеттің дамуына жаңаша серпін берген ауқымды шара. Биыл оған мыңдаған қонақ жиналды. Фестиваль 9 тамызға дейін жалғасады.