Астаналық ұстаздар Абай әндерін орындап, тағылымды челлендж бастады
Астаналық ұстаздар Абай әндерін орындап, тағылымды челлендж бастады, деп хабарлайды «24KZ».
Астана қаласы Білім басқармасының мәліметінше, ерекше бастамаға TANYM көпфункционалды кешенінің педагогтері қатысып, Абайдың өлеңдері мен әндерін орындау арқылы ұлы ойшылдың мұрасын насихаттады.
Челлендждің мақсаты – өскелең ұрпақтың Абай шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу.
Білім беру ұйымдарының педагогтері бұл игі бастаманы қолдап, әлеуметтік желілерде Абайдың шығармаларын орындау эстафетасын жалғастырып жатыр.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз