«Абай аманаты» челленджі: Шетелдік студенттер ұлы ақынның өлеңін оқыды
Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Торайғыров университетінде әдеби-мәдени іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды «24KZ».
Университет оқытушылары мен біліп алып жатқан шетелдік студенттер ұлы ойшылдың шығармашылығына құрмет көрсетіп, оның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін бірнеше әлем тілінде мәнерлеп оқыды.
«Абай аманаты» челленджіне алғашқылардың бірі болып қатысқан пәкістандық оқытушы Arain Intesar Ahmed Абайдың өлеңін қазақ тілінде нақышына келтіре оқыды.
Сонымен қатар университетте білім алып жатқан шетелдік студенттер ақынның танымал шығармасын өз ана тілдерінде оқып, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне деген құрметін білдірді. Бұл бастама Абай мұрасының ұлттық шеңберден асып, әлемнің түрлі елдерінен келген жастар арасында кеңінен насихатталуына ықпал етті.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз