Жамбыл облысында ерекше аудиокітап жарық көрді

Жамбыл облысында қаламгерлердің шығармалары аудиокітап болып жарық көрді.

«Алтын қор» деп аталатын тың жобаны көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұжымы құрастырды. 

Цифрлы жобаға өңір қаламгерлерінің өз дауысымен оқыған 16 кітабы енгізілді. Осылайша, мәдени мекеме зағип жандарға Әулиеатаның әдеби мұрасын ұсынды. Жинақтан поэзия, проза және сатира жанрындағы аудиошығармаларды диск, флешка және QR-код арқылы тыңдауға болады. Инклюзивті жоба алдағы уақытта да жалғасады. Енді республикаға танымал ақын-жазушылардың шығармаларын аудиожазбаға айналдыру жоспарланған. Кітапхананың 3 мыңға жуық оқырманы бар. Оның мыңға жуығы – көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар.

Ербол Бегімов, оқырман:

- Автордың шын үнін естіп, өзі үнін естіп сол автормен сөйлесіп отырғандай боламыз. Кейбір азаматтар бізде үйінде жұмыс істейді. Солар нүктелі бедерлі қаріпіндегі кітапты қолымен оқығанға уақыты болмай, қолмен жұмыс істеп отырады да өздері жаңағы кітапты қосып қойып тыңдап отырады. Бұл өте ыңғайлы.

Толқын Күзенова, облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы директорының орынбасары:

- Кітап мұқабасы өте қатты және арнайы қорапқа салынған. Себебі ол жердегі аудионұсқаларымыз дисктарымыз флешкалар орнатылған. Соның барлығы ұзақ мерзімге сақталу мақсатында қорапқа салынды.

Сондай-ақ оқыңыз: