Ұлыбританияда Мондриан туындысы $40 млн-ға бағаланды

Нидерланд суретшісі Пит Мондрианның ширек ғасырдан астам уақыт жеке коллекцияда сақталған туындысы Лондонда ашық саудаға қойылмақ.

Картина 1920 жылы суретшінің шығармашылық бағыты түбегейлі өзгерген кезеңде салынған. Сол жылы ол небәрі сегіз картина жазған. Оның бесеуі бүгінде ірі музейлерде сақтаулы. Ал «Композиция III» деп аталатын бұл туындысын осы уақытқа дейін америкалық сәулетші Арманд Бартос сақтаған. Мамандар оның құнын шамамен 40 млн долларға бағалап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: