Италияда €9 млн тұратын үш картина ұрланды
Италияда жалпы құны 9 миллион еуро тұратын 3 картина қолды болды.
Бұл - Пьер Ренуар, Анри Матисс және Полл Сезаннның туындылары. Картиналар Парма қаласындағы "Маньяни-Рокка" мұражайында сақталған еді. Бұларды 4 ұры небәрі 3-ақ минутта алып, із суытқан. Ал "Маньяни-Рокка" осы елдегі ең үлкен жекеменшік мұражай. Мұнда әлемге әйгілі Тициан Вечеллио, Питер Рубенс және Джорджо Моранди сынды беделді суретшілердің туындылары тұр. Айта кетейік, осындай ұрлық былтыр қазан айында Париждегі әйгілі Луврде де болған еді. Ол кезде ұрылар мұражайға жасырын кіріп, 100 миллион доллардың зергерлік бұйымдарын жымқырып кеткен.