Елордада тазы иелері бас қосты

Осыдан 2 жыл бұрын дәл осы күні халықаралық ит өсірушілер ұйымы Тазы тұқымын ресми түрде мойындап, құмайдың Отанын Қазақстан деп таныды.

Желмен жарысқан жүйрікті, әлем мойындап келеді. Ал ата-бабамыз оны адал көмекші және даланың нағыз қазынасы деп бағалағаны белгілі. Соңғы жылдары бірегей тұқымды сақтап оны қорғау мақсатында мемлекет пен ит өсірушілер асылдандыруды қолға алды. Ал тазы иелері елордада бас қосып,  бір-бірін тазы күнімен құттықтады.

Серік Аутаев, «Асыл қазына» федерациясының мүшесі:

- Бүгінгі тазы күні осы тазы баптайтын, тазы ұстайтын жігіттерді өзі құттықтай отырып, біздің мемлекеттің басшысына көптен-көп рақмет айтамын. Бұл тазы аңды өзі іздеп, өзі аулайды. Қазір үлкен деңгейге көтерілгеніне 3 жыл болды. Шет мемлекетте біздің тазылар сайысқа түсіп жатыр. Қазір Тазының саны да, сапасы да жоғары.

Аян Досманов, Тазы өсіруші:

- Шілденің соңында біз шырғаға, саятшылық, аңшылыққа салып дайындай бастаймыз. Бүгінде үйде 10 тазым бар. Қазақстанда 30 тазым бар шығар. Сыйлыққа бердік дегендей. 

Сондай-ақ оқыңыз: