Алматыда «Жылдар жылуы» көрмесі ашылды

Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Жылдар жылуы» атты көрме ашылды. Авторы Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Үркеш Хасанов. Биыл танымал қылқалам шебері 70 жасқа толып отыр.

Экспозицияға 120-ға жуық туынды қойылды. Суретші кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер туындыларын ұсынды. Оның шығармаларының басым бөлігі Қазақстанның табиғатына арналған. Әсіресе Алматының символына айналған апорт алмасы бейнеленген «Алма ата», «Жұмақ бақтары», «Қымыз жиынтығы» сияқты жұмыстары келушілердің қызығушылығын туғызды. Пейзаждарда өнер иесінің туған жерге деген сүйіспеншілігі көрініс тапқан. Үркеш Хасановтың туындылары Қазақстан, АҚШ, Франция, Германия, Бельгия, Жапония және Кореядағы жеке коллекцияларда сақтаулы тұр. Көрме екі аптаға жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыз: