Астанада «Тас дәуірінен тартылған жебе» жинағы жарық көрді
«Тас дәуірінен тартылған жебе». Астанада садақ өнерінің тарихы мен бүгінінен сыр шертететін жинақ жарық көрді.
Электронды еңбек Қырғыз елінде өтіп жатқан Көшпенділер ойындарында таныстырылды. Кітап дәстүрлі садақ ату федерациясының бастамасымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қолдауымен жазылған. Мақсаты – садақ ату дәстүрінің тереңдегі түп-тамырын ғана емес, бүгінгі тынысын да оқырманға жеткізу. Кітапта көне дәуірден бастау алатын садақ өнерінің эволюциясы кезең-кезеңімен тарқатылған. Онда садақтың жасалу технологиясы, түрлері, қолданылу ерекшеліктері сияқты мәліметтер жан-жақты қамтылыпты. Кітап қазақ тілімен қатар ағылшын тіліне де жарық көрген.
Нартай Сәрсенғалиев, ҚР Дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті:
- Дәстүрлі садақ ату және оның ішінде садақтар, оқ жебелердің бастарын қарасаңыз олар әр жердегі мұражайда, музейде ғана сақталған. Экспонат ретінде тұр. Сондықтан да біз осы арнайы дәсүрлі садақ атудың тас дәуірінен бергі тарихын түгелдейтін кітап жазып шығаруды өзімізге міндет қылып алдық. Дәстүрі садақ ату мен Ұлттық музейдің біріккен еңбегі деп алып қарасақ. Бұл жерде ғалымдардың еңбегі орасан зор. Тас дәуірінен бүгінге дейінгі барлық дәстүрлі садақ атудың жебелердің, оқтардың, қандай материал болды, қашан адамдарды асырайтын жарақтың бір түрі болды. Барлығы түгелдей тарихи деректермен жазылып шықты, бұған ешкім әлемде талас келтіре алмайды.
Санал Ачиров, Садақ атудан Ресей құрамасының аға жаттықтырушысы:
- Қырғыз елінде өтіп жатқан VI Көшпенділер ойындарында садақ өнерінің тарихы туралы кітап таныстырылып отыр. Алдымен бұл жинақ көшпенділер өркениетін насихаттауда, зерттеуде таптырмас құнды дүние екенін айтқым келеді. Тарихта талай шайқастың тағдырын шешкен садақ бүгінде музей төріндегі жәдігер ғана емес. Ол – қайта жаңғырған дәстүр, спорттық өнер және ұлттық мәдениеттің бір бөлшегі. Сондықтан да садақ өнерінің тарихы мен бүгіні бір жинаққа енгізіліп, келер ұрпаққа мұра болып қалғаны құптарлық қадам.