Қазақстан AI-фильмдер саны бойынша АҚШ-тан кейін екінші орынға шықты

Бұл туралы бүгін «Astana AI Film Festival» халықаралық байқауында айтылды. Отандық креаторлар фестивальге 829 туынды жолдаған. Шығармашылық байқауға әлемнің 125 елінен 8067 жұмыс келіп түсіпті.

Үздік авторлар 1 млн АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қоры мен тағы 1 млн доллар инвестицияға таласады. Байқауда жас режиссерлер, тәуелсіз командалардан бөлек, мыңдаған аудиториясы бар, халықаралық танылған әлемдік AI-креативті индустрияларының өкілдері де бақ сынап отыр. 

Алмас Жали, AAIFF тең құрылтайшысы әрі кеңес төрағасы:

- Фестивальде талаптар 1 минуттан 10 минутқа дейін. 1,5 сағаттық киноны әлі қиындау көруге. Біздің ойымызша, 2-3 жылда платформалардың дамуымен қатты ажырата алмайтын сияқтымыз.

Сондай-ақ оқыңыз: