Францияда Қазақстанның мәдениет күндері өтіп жатыр
Мақсат - екі ел арасындағы гуманитарлық байланысты нығайтып, өнер мен креативті индустриялар саласында ынтымақтастықты кеңейту.
Бағдарламада Қазақ киносының күндеріне ерекше көңіл бөлінген. Көрерменге бірінші күні көрнекті қазақ режиссері Абдолла Қарсақбаевтың «Алты жасар Алпамыс» фильмі ұсынылды. Туынды қазақ киносының алтын қорындағы фильмдерді цифрландыру және қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында жаңғыртылды. Көрсетілім режиссердің туғанына 100 жыл толуына орайластырылды. Бұл мерейтой ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілген. Киносүйер қауымға сондай-ақ Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының демеуімен түсірілген заманауи туындылар да ұсынылды. Олардың қатарында «Игроманка» әлеуметтік драмасы мен «Қайтадан» фильмі бар.
Құрманбек Жұмағали, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы:
- Қазақ кино күндерін тек ғана мінеки Парижде ғана емес, жалпы жыл басынан бері түрлі елдерде өткіземіз. Осыған дейін түрік елінде, кеше ғана корей елінде, бүгін мінеки Францияда, алдағы уақытта жылдың соңына дейін тағы да бірнеше елде қазақ кино күндері өтеді.
Жалын Тілеуберген, Qaitadan фильмінің продюсері:
Қазақ киносы әлемнің ән түкпірінде осылай көрсетіліп жатқаны әрине — ол қазақ киносының дамып жатқаны. Қазақ мәдениетімен өзге ұшттардың таныстырылып жатқаны үлкен қуаныш сыйлайды.
Іс-шараны еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның Франциядағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды. Француз көрермендерінің айтуынша, бұл туындылар еліміздің тарихын, мәдениетін және бүгінгі тыныс-тіршілігін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
БЛИЦ:
- Қазақ киносын алғаш рет көріп отырмын. Фильмнің бүгінгі күнге сай түсірілгендей әсер қалдырғанына қатты таңқалдым.
- Өте әсерлі туынды екен. Көріп, ерекше ләззат алдым. Көп рақмет.
- Қазақстанның классикалары кино жөніндегі осылай жиі көрсетіліп тұрса, бізге де жақсы болар еді.