Қазақстан Түркі интеграциясында жетекші рөлге ие

Түркі интеграциясының дамуында Түркия батыс қанаттың көшбасшысы болса, Қазақстан шығыс қанатында жетекші рөлге ие. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Астана түркі мемлекеттерінің ортақ мүддесі мен ынтымақтастығын ілгерілетуге атсалысып келеді.

Түркі мемлекеттері ұйымының Анкарадағы саммитінен кейін түркиялық ғалым, халықаралық қатынастар бойынша сарапшы Нұр Четин осылай пікір білдірді. 

Сарапшының сөзінше, жаһандық геосаяси тұрақсыздық жағдайында бауырлас елдердің бірлесе әрекет етуі өте маңызды. Бұл үдерісте Анкара саммиті ынтымақтастықты одан әрі бекемдеп, әріптестікті әрі қарай ілгерілетуге ықпал етті. «Мұндай жиындар түркі интеграциясына тың серпін береді», - дейді ол.

Нұр Четин, Халықаралық қатынастар бойынша сарапшы, профессор:

- Қазір әлемде соғыс пен дағдарыс көбейіп, геосаяси ахуал күрделеніп барады. Мұндай жағдайда мемлекеттер халықаралық сахнада өз мүддесін қорғап, ықпалын арттыру үшін бірлесіп әрекет етуі қажет. Бұл ретте Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығы айрықша маңызды. Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінен-ақ бірігудің қажет екенін түсінді. Сондықтан бауырлас елдердің бір-біріне қолдау көрсетіп, басқосуы стратегиялық әріптестікті одан әрі кеңейтуге жол ашады.

Сондай-ақ оқыңыз: