БҚО-да көне құмыралар көрмесі ашылды

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Құмыра бүккен құпия» атты көне жәдігерлер көрмесі ашылды. Көрмеге қола және ерте темір дәуіріне тиесілі қыш құмыралар қойылған, деп хабарлайды 24KZ


Жуырда Жапонияның Мейдзи университеті мен Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының ғалымдары музей қорындағы 129 құмыраны зерттеп, оның 13-нен дән іздерін анықтады. Алдын ала болжам бойынша, олар тары, арпа және күріш дақылдары болуы мүмкін. «Бұл жаңалық өңірдегі ежелгі егіншілік тарихы біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтардан бастау алатынын дәлелдейді», – дейді мамандар.

Жантас Сафуллин, БҚО тарихи-өлкетану музейінің директоры:

– Өте жақсы жаңалық. Ол құмырадағы дәнді дақылдардың сақталуы сол кезеңде осы жерлерде дәнді дақылдар егіп, пайдаланған болуы мүмкін деген жорамал жасалады. Сондықтан ғалымдар бұл өздерінің тапқан дүниелерін өздерімен бірге алып кетті. Жапонияда арнайы құрылғылармен зерттеп, алдағы уақытта кеңірек мәлімет беретін болады.

Сондай-ақ оқыңыз: