«Хабар» агенттігінің жаңа киноновелласының түсірілімі Көкшетауда да жүріп жатыр

«Хабар» агенттігінің «Мен Қазақстанды және қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін» атты киноновелласының түсірілімі Көкшетауда да жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда Хадиша есімді неміс әйелінің қазақ жеріне қалай келгені, жергілікті халықтың оларды құшақ жая қарсы алып, бауырына басқаны сипатталады. Өзге ұлт өкілінің қазақтарға сіңісіп кеткені соншалық, ол өзін «қазақ» деп атауды сұраған. Ал, өмірден өткен әжейдің рөлін көкшетаулық көп балалы ана, 70 жастағы Қайырлы Жүсіпбекова сомдайды. Қайырлы Темірғалиқызы жас кезінде неміс диаспорасымен бір ауылда тұрған екен. Ең қызығы, ол актриса болуды армандаған көрінеді.

Қайырлы Жүсіпбекова, көп балалы ана:

- Менің арманым орындалды. Міне, «Хадиша апа» сценасын қойып жатырмыз, Аллаға шүкір. Олар өте қонақжайлы, жақсы, қазақшаны біледі. Бізбен араласып кеткен ғой.