Димаштың жаңа бейнебаяны шығады

Димаштың жаңа бейнебаяны шығады

Димаш Құдайбергеннің «Golden» әніне түсірілген жаңа бейнебаяны шығады.

«Жақында «Golden» әніне түсірілген жаңа бейнеклипім шығады. Ең алдымен dears-қа қолдау көрсеткені үшін және менің жаңа туындыларымды әрқашан асыға күтетіні үшін алғыс айтамын. Менің жаңа бейнеклипім жақсы әсерге бөлейді деп сенемін», – деп жазды әнші өзінің instagram парақшасында.

Ол әншінің YouTube арнасында шығады. Димаш бейнебаянның қашан шығатыны жақын арада белгілі болатынын айтып өтті.