Канн фестивалі жазға шегерілді

Канн фестивалі жазға шегерілді
фото: TASS

Биылғы Канн фестивалі кейінге шегерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық кино мерекесі 11 мамырда басталып, 10 күнге созылуы тиіс болатын. Бірақ коронавирус індетіне байланысты шілденің 6-сы мен 17-сі аралығында өтетін болды. Бұл туралы ұйымдастырушылар Twitter-дегі парақшасында ресми мәлімдеген. Олар жазға қарай COVID-19-ға қатысты жағдай оңалып, әлемдік іс-шараны қашықтан емес, офлайн форматта өткізуге мүмкіндік туады деп үміттенеді. Былтыр коронавирустың кесірінен Канн фестивалі мүлде өтпеген еді.