Теміртауда Жамбылдың 175 жылдығына арналған көрме ашылды

Теміртауда Жамбылдың 175 жылдығына арналған көрме ашылды

Тарихи-өлкетану мұражайында 6 экспозиция бар. Ерекшелігі жыр алыбының  өлеңдерін музей экспонаттары толықтырып тұрады.

Ұйымдастырушылар бұл әдіс өлеңді жүрекпен оқып, көзбен көріп, оймен елестетуге болады дейді. Көрменің көркін Жамбыл Жабайұлының «Қарағанды», «Алғадай туралы әрбір ой», «Ленинградтық өренім» шығармалары ашып тұр. Музей қызметкерлері көрмеге келіп, ақынның жәдігер болып қалған өлеңдерін жатқа оқығандарға алғыс жариялады. 

Гүлім Сыздықова, Теміртау қаласы тарихи-өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі:

- Осы шараны ұйымдастырмас бұрын біз осы шараны жан-жақты ерекше етіп, қалай ұйымдастырамыз деп ойладық. Кейін өлеңдерін оқып, жәдігер арқылы көрсетуді жөн көрдік. Музей жәдігерлері атамыздың жан-жақты көрсетіп, сол тақырыпты ашып отыр.