«Хабар» арнасы Абай атындағы опера және балет театры дайындаған ерекше шоуды көрсетеді

«Хабар» телеарнасында Наурызға арналған мерекелік шоу көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры көрермендер үшін арнайы үлкен концерт дайындады. Ұлттық және әлемдік классика сахнада ғана емес, театрдың әр жерінде орындалады. Бұл ежелгі Мельпомен храмына жасалған экскурсияның Қазақстандағы баламасы болмақ.

Бұл – ерекше концерт. Театр әртістері тек сахнада ғана емес, оркестрдің орнында, мұражайда, музыкалық кітапханада және тіпті киім киетін бөлмеде үздік музыкалық шығармаларды орындайды. Олардың қатарында қазақстандық және шетелдік опера және балет классикалары бар. Мәселен, телекөрермендер «Біржан мен Сара», «Қыз Жібек», «Абай», «Риголетто», «Дон Кихот» операларынын үзінді тыңдайды.

Наталья Кагадий, Абай атындағы ҚҰАОБТ қоюшы-режиссері:

– Үйреншікті сахнамыздан шығып, театрымыздың мүлде басқа аймағында өнер көрсетеміз. Бұл біз үшін тәжірибе, көрермен үшін экскурсия. Көрермендер біздің театрымыздың ішін көрсе екен деп бұрыннан армандайтынмын.

Нұржан Байбосынов, Абай атындағы ҚҰАОБТ дирижері:

– «Абай» операсынан басқа да шығармаларды қосып, үлкен концерт ұйымдастырып жатырмыз.

Концерт екі бөлімнен тұрады. Біріншісі қазақтың ұлттық музыкасына арналған. Көрермен Наурыз мейрамының дәстүрлі қойылымын тамашалайды. Ал екінші бөлімде дәстүрлі шығармалар әлемдік классикамен және заманауи стильмен астасып, керемет музыкалық мерекеге айналады.

Татьяна Лаврик, жоба авторы:

– Қалыптасқан дәстүрді бұзып, көрерменге өзгеше дүниені ұсынғымыз келді. Әдетте, Наурыз мерекесінде тек ұлттық шығармалар орындалады. Ал бұл жолы мерекелік жобаны әлемдік классикамен әрлеп, ерекше бояумен ұсындық.

«Операдағы түн, немесе Нурыз құтты болсын!» мерекелік концертін «Хабар» телеарнасынан 22 наурызда түнгі сағат 23.00-де тамашалай аласыздар.

Гүлжан Көленқызы, Әбен Нарынбаев