Минскінің Үлкен театрында Қазақстанның опера әншілері өнер көрсетті

Минскінің Үлкен театрында Қазақстанның опера әншілері өнер көрсетті

Минскінің Үлкен Опера және балет театрында Қазақстанның мәдени құндылықтарын насихаттаған кеш өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шығысқа тән даналық пен сұлулықты паш еткен кітаптар, суреттер мен қолөнер бұйымдарын көпшілік осы жерде көрді. Кеш барысында қазақстандық опера әншілері – Клавдия Потемкина мен Нұржан Бажекенов өнер көрсетті. Олар Джузеппе Веерди, Жюль Массне, Луиджи Ардитидің, сондай-ақ қазақ композиторларының туындыларын шырқады. Жобаның режиссері – Беларусьтің Еңбек сіңірген әртісі Оксана Волкова. Рояльда халықаралық фестивальдердің лауреаты Лариса Терехова ойнады.

Асқар Бейсенбаев, ҚР-ның Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Осындай қиын-қыстау кезеңде адамдар өнерді, аралас-құраластықты сағынды. Қазақстан мен Беларусь өте жақын қарым-қатынас орнатқан дос елдер. Бүгін мәдениет, оның ішінде өнер саласында халықаралық ынтымақтастық жалғасуда.