Пандемия кезіндегі Қазақстан мұражайларының жағдайы қандай?

Бүгінгі таңда әлемде 85 мыңнан астам музей жабылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Олардың 13%-і есігін қайта ашпауы мүмкін», - дейді музейтанушы мамандар. Ал, Қазақстандағы мұражайлардың жағдайы қандай?

Әнел Еділқызы, тілші:

- Қалиолла Ахметжан қазақтың дәстүрлі қару-жарақтарының тарихы бойынша республикадағы жалғыз маман саналады, алты монографиялық, 100-ден астам ғылыми мақаланың авторы. Оның шығармашылық ұстанымы өмір мен табиғаттың, адам мен қоршаған ортаның суреттерін мұқият талдауға арналған.

Қалиолла Ахметжан, этнограф:

- Мен 2016 жылы біздің Қорғаныс министрлігінің тарихи-әскери музейіне үш реконструкция жасадым. Сақ жауынгері, түркі жауынгері және қазақ жауынгерін. Былтыр Түркістанда ашылған «Мәнгілік ел» атты мәдени орталыққа алты реконструкцияны жасадым. Сақ заманынан бастап қазақ хандығына дейінгі көшпелі жауынгерлердің қару жарағының комплексін

Әнел Еділқызы, тілші:

- Карантиннің салдары мәдениет ошақтарына қатты соққаны белгілі. Онсыз да музейлерге баратын адам саны бұрынғыдай көп емес еді. Пандемия кезінде мұражайлар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Мамандардың айтуынша, коронавирустың кесірінен музейлердің 30%-ке дейіні мүлдем жабылып қалуы ғажап емес.

Пандемия мұражай саласына да соққы болды. Әсіресе, АҚШ музейлері қатты зардап шекті. Елдегі мұражайлардың кірісі мүлде азайған. Себебі бұл нысандардың басым бөлігі жекенің қолында. Қазақстанда 238 музей бар. Бұл тізімге жекеменшік мекемелер, оқу орындары жанынан құрылған және корпоративтік музейлер кірмеген.

Қалиолла Ахметжан, этнограф:

- Пандемияға байланысты технологияның маңызы артты деп ойлаймын. Қазір бәрі осы цифрлық технологияны, интернетті қолданып, жаңаша жұмыс істеуге көшіп жатыр

Этнограф «Музейдегі түн» жобасы аясында өзі жайлы айтады. Трансляция мұражай-қорықтың электронды платформаларда көпшілікке ұсынылады.

Айнагүл Ганиева, ғылыми кеңестің хатшысы:

- «Бозок» музей қорығы үлкен тарихи-мәдени жобаны іске асыруда. Қазіргі танда музей қорығы 412 гектар территорияны қамтиды Бұл жобаның негізгі мақсаты – «бозокБ археологиялық ескерткіштің реконструкцисың жасау және Еуразия даласындағы кеңінен таралған далалық өркениеттің дамуын көрсету.

Жоспар бойынша, жоба жұмыстары 2022 жылы аяқталады. Еліміздің мұражайлары 250-ден астам виртуалды турлар өткізбек.

Авторлары: Әнел Еділқызы, Аят Дуйсембаев