Қазақстандық актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болды

Википедия

Грузиядан қаралы хабар. Көпке белгілі қазақстандық актер Фархат Әбдірайымов 55 жасына қараған шағында өмірден озды.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сенсек, марқұмның жүрек талмасы ұстап, демі үзілді. Ол Тблисиде «Больше, чем любовь» фильмінің түсіріліміне қатысып жүрген.

Актер 1966 жылы 21 қаңтарда Алматыда туған. Көпшілікке «Фара», «Рэкитир-2» сынды кинотуындылар арқылы танылды.

1996 жылы Ресейдің кинопрессасы Фархат Әбдірайымовты «Үздік актер» деп танып, 2000 жылы өнер иесі «Жылдың киножұлдызы» номинациясын жеңіп алған. Халық сүйіктісі қоғамдық премияның екі дүркін лауреаты атанған.