URKER-2021 ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

URKER-2021 ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

Бесінші рет ұйымдастырылған байқауға республикалық және өңірлік радиостанциялардан, баспа және интернет-басылымдардан 340 өтінім түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Материалдар 11 номинация бойынша іріктелді. Фото, репортаж, сұхбат, журналистік зерттеу, танымдық, аналитикалық материал, газет, журнал, радио материал, жаңалықтар порталы, сұхбат жанрындағы үздік материалдар анықталды. Биылғы жылдың жаңа номинациясы «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал». Жаңа жүлдені «Семей таңы» газетінің редакторы Риза Молдашева жеңіп алды. Сыйлықты еліміздің алғашқы Ақпарат министрі, қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов табыс етті. Жеңімпаздарға URKER естелік статуеткасы және 1 миллион теңге ақшалай сыйлық берілді.